Жамбыл Жабаевтың жырлары қырғыз тілінде жарық көрді

Жамбыл Жабаевтың жырлары қырғыз тілінде жарық көрді

Жыр алыбы Жамбылдың жинағы Бішкекте қырғыз тілінде басылып шықты. Осыған орай қырғыз елінің астанасында қазақ ақынының шығармашылығын зерттеуші мамандар мен оқырмандар бас қосты. Әдеби оқулар Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орайластырылған. Ғасыр жасаған ақынның өлеңдері кітапқа енгізілген. Жинақ сонысымен құнды. Тұтас дәуірдің үні естіледі. Сондай-ақ жинақта Жамбылдың қырғыз ағайындарға арнаған туындылары да бар. Кітаптың өзі 1 000 данамен басылып шықты.

Топчубек Тургуналиев, Манас пен Шыңғыс Айтматов академиясының президенті:

- Жамбыл ата зор мұра қалдырды. Жастар мен балаларды тәрбиелеу, тәуелсіздік, қазақ пен қырғыздың ұлы рухани мәдениеті жөніндегі идеялар ұлы атамыздың бүкіл шығармашылығында баяндалып келеді.

Жамбыл Жабаев тарихта суырыпсалма ақын, тыңнан сөз қозғайтын шешендігімен танымал. Ол халық ауыз әдебиетін кейінге жеткізе білді. Жыр атасы атануы да осыған байланысты. Ең бастысы рухы биік жырлары елдің еңсесін көтерді. Ақынның 175 жылдығына арналған мерекелік концертке келген жұрт осыған көз жеткізді.