Нұр-Сұлтанда «Temps Lié» фестивалі басталды

астана Балет
instagram.com/astanaballet

Кәсіби хореографиялық оқу орындарының халықаралық «Temps lié» фестивалі «Раушан гүлі мен көбелектің романы» бірегей спектаклінің премьерасымен шымылдығын түрді. Жаңа балеттің тұсаукесері «Астана Балет» театрының сахнасында өтті.

Айта кетейік, Мариус Петипаның қойылымы музыкасының авторы – Рикардо Дриго. Ал хореографиялық редакциясы сала майталманы Василий Медведевке сеніп тапсырылды. Бірегей шығармашылық ұжымның ойын Қазақ ұлттық хореография академиясының жас артистері орындап шықты.

Фестиваль Қазақстан тәулсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Сонымен қатар ол 19 қарашаға дейін жалғасады. Мәдени шара аясында оффлайн және онлайн форматта жетекші қазақстандық және шетелдік хореографтардың ашық дәрістері мен шеберлік сабақтары өтеді.

Василий Медведев, қоюшы-хорегограф:

- Осынау игі іске атсалысу мүакіндігіне ие болғаным үшін Алтынай Асылмұратова ханымға алғысым шексіз. Бұл жобаны осыдан 5 жыл бұрын ойластырған едік. Міне, бүгінде ол жүзеге асып отыр. Жалпы спектакльге 130 бала қатысты. Сонымен қатар ұмыт болып қалған балеттің 2 актісі қайта жаңғыртылды. Дайындық өте ұзақ уақытқа созылды. Музыкасы мен либреттосы жазылып, костюм тігілді, декорация эскиздері жасалды. Балет мектебі 2 айға жуық дайындалды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева