«Астана Балет» мерейтойлық маусымын ашты

«Астана Балет» мерейтойлық маусымын ашты

«Астана Балет» 10-ыншы мерейтойлық маусымын «Жібек жолы» қойылымымен ашты. Көрермендер Ұлы Жібек жолының бойымен саяхатқа аттанды. Бұл керуен жолы ғасырлар бойы түрлі өркениеттер, тағдырлар мен мәдениеттерді тоғыстырып келді.

Айнұр Әбілғазина, «Астана Балет» театрының артисі:

– Бұл балет медитация іспетті, көрермен үшін мүлдем бейтаныс дүние. Мұнда бейне, сюжет деген жоқ. Тек би синтезі, мәдениеттер үйлесімі. Спектакльдің өзі жарқын шықты. Артистердің костюмдері көздің жауын алады. Биге сүйемелдеуші әуеннің өзі таңқалдырарлық.

Театрдың осы маусымы қызықты қойылымдарға толы болмақ. Көрермендерді әдеттегідей қайталанбас хореографиялық мәнердегі  жаңа спектакльдер күтіп тұр.

Нұрлан Қанетов, «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі:

–  2022 жылдың соңына дейін қос балет қою жоспарымыз бар. Алғашқысы – Альберто Алонсоның Кармен сюита балеті және балаларға арналған «Қар патшайымы» спектаклі. Соңғысын Георгий Кофтун қояды. Ол бұған дейін «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» балетін қойған еді.