Атырау өңірінде көне қалашықтың орны табылды

Атырау өңірінде көне қалашықтың орны табылды

Сарайшықтан Сарай Бату бағытына қарай 25 шақырым жерде көлемі 100 гектар болатын аумақтың көне қалашық орны екенін бірден байқауға болады. Археологтар зерттеу кезінде мазарға ұқсас тағы бір нысанды анықтады.

Мадияр Елеуов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Соңғы екі жылда 10 шақты қала, елді-мекеннің орыны ашылды. Сол бойынша осы Сарайшықтан шығып, 3 бағытта кететін керуен жолдардың бағыты анықтала бастады. Соның бір нәтижесі, қазір Қарағайлы деген жерден қалашықтың орыны табылды шағын. Қазба енді басталды. Жердің бетінде жатқан заттарға байланысты, ол сөз жоқ, осы Сарайшықтың замандас, Қазақ хандығының, Алтын Орда дәуірі кезіндегі қала болған.

Әбілсейіт Мұхтар, Сарайшық мемлекеттік музей-қорығының директоры:

- Бұл мекен шамамен мың да мың квадрат метрді қамтиды. Осы аралықта толған, шашылып жатқан қыш құмыралар, орта ғасырдағы жәдігерлер, сонымен бірге 14 ғасырдың тиындары табылды. Бұл Қазақстан тарихы ғылымына қосылған нақты үлес екенін атап өткіміз келеді. Ресейлік ғалымның айтуынша, дәл осындай үлкен кесенелер Ресейде де бар. Бірақ олардың барлығы тоналған. Ал біздің кесенеміздің ерекшелігі – фундаменті, төменгі қабаты толықтай сақталғаны деп отыр.

Елімізге белгілі және Ресейден келген археолог ғалымдар дәл осы жерде елге белгілі, лауазымды тұлға жерленген болуы мүмкін деген болжам айтады. Ал ғалымдардың бірі бұл Ұлы Жібек жолындағы керуен-сарай деген пікірді де алға тартып отыр.