Брюссельде Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды

Брюссельде Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды

Еуропарламент ғимаратында қазақ халқының тарихына, мәдениетіне және салт-дәстүріне арналған фотокөрме өтіп жатыр. Көрмені тамашалауға келушілер  ел астанасы мен Қазақ елінің көне ескерткіштерінің, сондай-ақ, республиканың белгілі мәдениет қайраткерлерінің фотосуреттерін көре алады. Экспозиция Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толйына байланысты ұйымдастырылды. Көрменің ашылуында Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Ұлы Жібек жолы Азия мен Еуропа арасындағы мәдениетаралық және сауда алмасудың негізін қалағанын, сонымен бірге ол әлі де маңызды рөл атқарып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ дипломат еліміздің бейбітшілікті және көпвекторлы сыртқы саясатына да ерекше тоқтады.

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі:

- Біз Еуропарламентпен жақсы, сындарлы қарым-қатынасты сақтап, қолдап келеміз. Бүгінгі бірлескен көрмеміз барлық еуропалық парламентарийлерге, осы еуропалық мекеменің қызметкерлері мен қонақтарына Қазақстан тарихымен етене тагысып, дәстүрлер танып-білуге мүмкіндік береді. Біздің арамыздағы осындай мәдени ынтымақтастық еліміздің ерекшеліктерін, оның артықшылықтарын тереңірек түсінуге көп көемегін береді деп ойлаймын.

Гельмут Гойкинг, Еуропарламент депутаты:

- Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел ретінде өте маңызды рөл атқарады, сонымен қатар ол территориясы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел болып табылады, оның 11% Еуропа жерінде. Сондай-ақ, ЕуроОдақтың өте маңызды сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Бұл демократиялық және саяси реформаларды, оның ішінде заң үстемдігін және адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын дамытуды қамтитын, жастарға жақсы перспективалар беретін нақты бағыт ұстанған көпмәдениетті және көпұлтты мемлекет. Ал, бұл көрме Қазақстанды болашақта одақтың жақсы серіктесі ретінде танып-білуге, алдағы уақытты ынтымақтастығызды берік ете түсуге мол мүмкіндік береді.