Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді

Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне Қазақстан қалаларының ішінде алғашқылардың бірі болып енді.

Айта кетейік, өтініш 2022 жылы берліген, кейін шілде айында облыс орталығына 12 халықаралық сарапашы келген. Өз кезегінде қонақтар жамбылдықтардың қолданбалы өнер мен қолөнерді дамыту мүмкіндіктерін, өңірдің туристік әлеуетін жоғары бағалады. Ал, халықаралық қолөнершілер көрмесі барысында қаланы беделді тізімге енгізу туралы шешімді ресми түрде жариялады. Іс-шарада Тараз қаласының осындай статусты иеленуі өңірдің мәдени-рухани саласының дамуына тың серпін беріп, туристік ағынның артуына түрткі болатыны хақ деп атап өтілді. Қолөнершілер қалаларының Дүниежүзілік тізімі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған әлемнің елуден астам қаласы енді.