ТеатрALL фестивалі аясында 10 үздік отандық және шетелдік спектакль тегін қойылды

ТеатрALL фестивалі аясында 10 үздік отандық және шетелдік спектакль тегін қойылды

Өнер сүйер қауымның құлағына алтын сырға. Елордада шымылдығын түрген ТеатрALL фестивалі аясында 10 үздік отандық және шетелдік спектакльді тегін тамашалау мүмкіндігі туды. Бұл қойылымдар «Қалеки», «Жастар» және музыкалық жас көрермен театрларында сахналанады. Дәстүрлі мәдени іс-шара бұл жолы сегіз жергілікті және Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстанның театр ұжымдарының басын қосты. Фестиваль 30-шы қазанға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар тарапынан сахна саңлақтарына жеті аталым бойынша жүлде тағайындады. Қазылар алқасы үздік қойылым, сценография және актерлерді анықтайды. Сондай-ақ, театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Әзірбайжан Мәмбетов атындағы арнайы сыйлық табысталады.