«Мұқағали» фильмі Дубайдағы халықаралық кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды

«Мұқағали» фильмі Дубайдағы халықаралық кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық «Мұқағали» көркем фильмі Дубайдағы кинофестивальде бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы хабарлайды. Режиссер Болат Қалымбетовтің белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» картинасында оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндалады. Халықаралық Мeta Film Fest кинофестивалінде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді. Айта кету керек, ақиық ақын туралы биографиялық фильмнің жүлде қоры қомақты. Туындының әлемдік премьерасы 25-ші Таллин кинофестивалі аясында өткен болатын. Онда картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Биылғы жылдың наурыз айында өмірбаяндық картина Үндістандағы 26-шы Халықаралық кинофестивальдің «Әлемдік кино» секциясында ұсынылды. Сондай-ақ Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алды.