Астанада Қазақстан мен Швецияның бірлескен фотожобасының тұсауы кесілді

Астанада Қазақстан мен Швецияның бірлескен фотожобасының тұсауы кесілді

Бірегей экспозицияға екі ел фотографтарының 40 жұмысы қойылған. Картиналарда авторлар отбасының бақытты, сонымен қатар қиын кезеңдерін көрсете отырып, «ынталы» ата-ана тақырыбын қозғаған.  Шараны Швеция елшілігі мен БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қоры ұйымдастырды. Фотографтардың әрбір жұмысында әке мен ананың орны көрсетілген. Көрмені 23 қарашаға дейін кез келген келуші тамашалай алады.

Жәмилә Құсайынова, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының өкілі:

- Біріккен Ұлттар Ұйымында балаларды тәрбиелеуде, бала күтімімен айналысатын отбасылардың, ата-аналардың, ер азаматтардың үй шаруашылығындағы міндеттері бірдей деп атаймыз. Бұл тек ақша табу, азық-түлік сатып алу ғана емес, сонымен бірге отбасыңызбен бірге өткізу, жұбайыңызға үй шаруасына көмектесу, балаларыңызбен үй тапсырмасын орындау.