Қазақстанда «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Отандық киноөндіріс саласында тың жаңалық! Қазақстанда пандемиядан кейін араға екі жыл салып «Еуразия» кинофестивалінің шымылдығы қайта түрілмек. Биылғы байқау желтоқсанның 12 мен 18 аралығында Алматыда өтеді. Халықаралық киноқауымдастығы тіркеген жалғыз отандық кинофестиваль Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылады. Көрермендер жаңа көркем фильмдерді оңтүстік шаһардағы ірі кинопарктерінің бірінде тамашалайтын болады. Көркем өнер сүйер қауымның құлағына алтын сырға! Кіру тегін. Қазір кинофестивалдің ресми сайтында бұған ниетті жандардың өтінімдері қабылданып жатыр.

Гүлнара Әбікеева XVI Eurasia ХКФ бағдарламалар директоры:

Халықаралық конкурста Еуропа, Азия және ТМД елдерінен 15 толықметражды фильм көрсетіледі. Бұл Францияның, Италия, Ұлыбритания, Жапония, Қытай тағы басқа елдердің туындылары.

Барлығы 20 шақты ел қатысады. Еуроазия кинофестивалінің биылғы басымдық беріп отырғаны – ұлттық байқау. Кіл үздік отандық картиналар бәсекеге түседі. Тұңғыш рет олардың жүлде қоры теңестірілді. Яғни 5 жүлде халықаралық, 5 жүлдет отандық өнімге табысталады.