Елордада «Қанымыз бір» атты жаңа қойылымның тұсауы кесілді

Елордада «Қанымыз бір» атты жаңа қойылымның тұсауы кесілді

Спектакльді Петропавл қаласындағы есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернатында құрылған театр ұсынды.  Айта кетейік, 5 жыл бұрын ашылған Ұлттық Дельфий комитетінің өнер ұжымы түрлы халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Бұл жолыда сахна саңлақтарының бірегей өнері жергілікті қауымның ықыласына бөленді.  

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Инклюзивті, кедергісіз ортаны еңбек саласында, көлікте, мемлекеттік мекемелерде ғана емес,  шығармашылықта да қалыптастыруымыз керек. Балаларымыздың қандай дарынды екенін көріп тұрмыз. Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше қажеттілігі бар балаларға әрдайым баса мән беріп, үнемі назарда ұстап келеді. Сондықтан алдағы уақытта да балалар мен жастардың шығармашылығын өркендету бағытында жүйелі іс-шаралар атқаратын боламыз.