Қазақстандық ғалымдар буын ауруын емдейтін гидрогель ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар буын ауруын емдейтін гидрогель ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдардың ноу-хауы. Олар бағаналы жасушалар негізінде гидрогель жасап шығарды. Бірегей қоспа хирургиялық операциясыз шеміршек пен сүйек тінін қалпына келтіре алады. Ғалымдардың айтуынша, процедура индивуалды түрде жүргізіледі. Дәрігерлер науқастың тін жасушаларын алып, биопсия талдауын жасайды. Кейін талдау ғалымдарға тапсырылып, олар үлгілерді қажетті мөлшерге дейін көбейтеді. Мәселен, 2 мл гель жасау үшін 20 млн жасуша қажет.

Вячеслав Огай, профессор:

- Біз оларды дупложект жүйесін пайдалана отырып, қоспа жасау үшін қолданамыз. Бұл алдымен инвитро зерттеулерінде, яғни пробиркада жүзеге асырылды. Содан кейін жануарлардағы шеміршек ақауының симуляциясын жасап, клиникаға дейінгі сынақтар жүргізілді. Бізде 8 тәжірибе жүргізетін топ құрылған еді. Эксперименттік түрде ең оңтайлы комбинация табылды. Гидрогельдің құрамы артикулярлық шеміршек ақауларын тиімді қалпына келтіреді.

«Қатаң қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жас пен жынысқа шектеу қойылмайды», – дейді ғалымдар. Химиялық құрамның арқасында гидрогель препараттардың шығарылуын тексере алады. Дегенмен ол аллергия тудырмайды. Қазір дайын препарат клиникалық сынақтан өткізілуде.

Ерлан Раманқұлов, Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

- 3 жыл бойы діңгекті жасушаларды кейбір шеміршек эрозиясының ақауларын қалпына келтіру үшін тиімді пайдалануға болатынын сенімді түрде көрсеттік. Шеміршекті толығымен қалпына келтіреміз. Ақаулықтың ауырлығына байланысты 3 айдан 6 айға дейін уақыт кетеді. Қазір мамандар сынақ тобын құруда. Ол топта шамамен 100 адам бар.

Сынақтың нәтижесі жазда белгілі болады. Енді ғалымдар басқа да буындарды емдеуге арналған гидрогельді жасап шығаруды көздеп отыр.