Қазақстандық биопрепараттар шетелде сұранысқа ие

Қазақстандық биопрепараттар шетелде сұранысқа ие

Соңғы жылдары қазақстандық инновациялық өнімдерді сатудан түскен кіріс көлемі 16 млрд теңгені құраған. Сырт нарықта қазақстандық биопрепараттар үлкен сұранысқа ие. Мысалы, микробиология және вирусология институтының зауытында шығарылған 12 биологиялық препарат шетелге сатылады.

Препараттар медицина, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, экология салалары мен экономиканың өзге де секторына арналған. Бұл туралы брифинг барысында биология ғылымдарының докторы, академик Аманкелді Саданов мәлімдеді.

Аманкелді Саданов, микробиология және вирусология институтының Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор:

– Өнімді өзімізде де сатып алып жатыр. Бұрын шетелдік аналогтар болды. Қазіргі таңда оларды қазақстандық нарықтан шығардық деуге болады. Шетелдік аналогтарға қарағанда отандық өнімнің сапасы әлдеқайда жоғары. Бұл менің емес, тұтынушының пікірі. Өнімнің еш пайдасы болмаса, оны ешкім қолданғысы да, сатып алғысы да келмейді. Бүгінде біз миллиард өнімді экспортқа сатып отырмыз.

 

Автор: Әсел Күшенғалиева