Қазақстан ғалымдары сирек өсімдіктерді тың тәсілмен көбейтуде

Қазақстан ғалымдары сирек өсімдіктерді тың тәсілмен  көбейтуде

Қазақстандық ғалымдар Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді тың әдіспен көбейтіп жатыр. Ұлттық биотехнология орталығында мамандар жапырақтан, тамырдан, тіпті бір жасушаның өзінен жаңа өсімдік өсіріп шығады. Бұл әсіресе, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін маңызды. Бір микроматериалдың ағашқа айналуына 2 жылдай уақыт қажет.

Ерлан Раманқұлов «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Бас директоры:

– Бұл Қызыл кітапқа енетін, сиреп бара жатқан өсімдіктермен жұмыс істеу үшін маңызды. Оның үстіне біз өсімдіктерді тұқымсыз өсіру тәсілдерін дамытуды бұрыннан қолға алғанбыз. Осы жағынан алып қарағанда да тиімді.

Көшеттер мен тұқымның жаңа сұрыптары бірден егілмейді. Ең алдымен макро және микроэлементтермен шағын ыдыстарда жетілдіріледі. Будандастырудың ерекшелігі де осы. Өсімдік құрамындағы элементтерді бақылауға мүмкіндік бар. Көбейтудің жасанды әдісін қолданылса да, жаңа өскіндер табиғи қасиеттерін жоғалтпайды. Содан кейін көшеттерді елорда көшелеріне отырғызады.  

Алмагүл Кәкімжанова «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Зертханасының меңгерушісі:

– Біз ақ теректі алдық, сосын қызыл кітапқа енетін өсімдікті алдық, яблони-недвецкого. Сиверс алма ағашы  мен малинск ағашыналдық. Қызғылт, әдемі гүлдейді да соны алдық. Астананың ауа-райында жақсы өседі. Табиғатта өскен өсімдікті көп алып шығарамыз. Бір бүршіктен бірнеше мың өсімдік шығарамыз.

Қазақстандық ғалымдар осындай тың тәсілмен 3 жылдың ішінде 7 мыңға жуық ағаш егіп, өсіріпті. Алдағы уақытта өсімдіктерді будандастырудың өзге тәсілдерін қолданып, дамыту жоспарда бар.