Отандық ғалым биологиялық белсенді қоспа жасап шықты

Отандық ғалым биологиялық белсенді қоспа жасап шықты

Отандық ғылымның жетістігі. Жүзім полифенолы мен басқа да жидектердің концентраты негізінде жасалған биологиялық белсенді қоспа, жастық эликсирін қазақстандық ғалым Шыңғыс Серғазы әзірледі. Оның айтуынша,   өнімнің көмегімен кейбір аурудың таралуы мен өршуін тоқтатуға болады. Эликсир метаболикалық синдром, остеопороз, жүрек-қан тамырлары патологиясы, бауыр дерті, қант диабеті және тұмау мен  вирустардан сақтануға көмектеседі. Мамандар қоспаны 10 жыл бойы зерттеп, сынақтан өткізіп, дайындаған. Енді қоспа патенттеліп, өндіріске шыққан. Қазір эликсир елорда мен Алматы қалаларының дәріханаларында саудаланып жатыр.

Шыңғыс Серғазы, биологиялық белсенді қосымшаларды әзірлеуші:

– Ресвератролдың молекуласы табылды. Бұл – жануарлардың өмірін ұзартатын ғажайып молекула. Дегенмен, ол бөлме температурасында, жарық түскен кезде оның құрамы өзгеріп, жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты молекуланы адамда экстраполяциялау мүмкін болмады. Осылайша біз биологиялық белсенді қоспадағы ресвератролды полифенолды қосылыстарды қосу арқылы тұрақтандырдық. Дегенмен, қоспаны тек сұйық түрде ғана сақтау мүмкін болды.