Елордада АӨСШК саммиті өтеді

Елордада АӨСШК саммиті өтеді

2022 жылдың күзінде Қазақстанда АӨСШК жөніндегі кеңес өтеді. Саммитке 27 елдің мемлекет басшысы онлайн форматта қатысады деп жоспарланған. Осыған орай еліміздің Сыртқы Істер Министрлігінде саммитке қатысты жол картаға қол қойылды. Кездесу аясында өтетін барлық іс-шара бекітілді.

Айта кетейік, Қазақстан 2019 жылдан бері АӨСШК-ке төрағалық етеді. Бүгінде бұл кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр. Қауымдастық аясында төтенше жағдайларда әрекет ететін қор құру мәселесі талқылануда. Қазіргі уақытта АСЕАН және ЕАЭО елдерімен серіктестік орнату процесі жүріп жатыр.

Қайрат Сарыбай, АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры:

- Кеңестің ұйым атануға толық мүмкіндігі бар. 30 жылдық даму барысында АӨСШК өзін «ұйым» деген атауға лайық екенін дәлелдеді. Өзге форумдарға қарағанда ұйымның өзіндік ерекше тұстары белгіленген. Бірінші кезекте, жүйелі түрде саяси деңгейде ұйымдастырылған кездесулерді айтуға болады. Конференцияның 30 жылдан астам тәжірибесі Азия елдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында одан әрі ынтымақтастықтың жолдары мен векторларын дербес анықтауға дайын екендігіне саяси белгі береді.