Қазақстанның Украинадағы елшілігі жұмысын қайта жандандырды

Киевте Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметі жанданды. Бас консул Болат Каткеновтың ақпараты бойынша, дипломаттар сыртқы саяси міндеттерін жүзеге асыруға және осы елде жүрген отандастарымызды қолдау бағытындағы жұмысына қайта кірісті.  Сондай-ақ, Львов, Днепр және Одесса қалаларында Консульдық қызметтер бар.

Болат Каткенов, ҚР Украинадағы Бас консулы:

– Украинадағы ахуалға байланысты елшілік уақытша Львов қаласына көшірілген еді. Қазір Киевке қайта оралып, 13 маусымнан бастап толыққанды қызметіне кірісті. Консулдық қызметтер  де түгел жүзеге асырылуда. Төлқұжат, анықтамалар беру, мемлекеттік қызметтер көрсету сынды жұмыстар қайта қалпына келтірілді. Цифрландырудың арқасында көптеген мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта алуға мүмкіндік жасалған.