Германияда Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығына арналған флешмоб өтті

Германияда Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығына арналған флешмоб өтті
bureau.kz

Қазақстандық дипломаттар атаулы датаға орай Берлиннің орталық көшелерімен жаппай жүгіру шарасын ұйымдастырды. Оған Қазақстан елшілігінің қызметкерлері мен сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты. Көпжақты байланысты бекемдеу. Бұл – еліміздің сыртқы саясатының басым бағыты. Өткен 30 жыл ішінде Қазақстан әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатты. Отандық елшілер әріптес елдермен және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту үшін күн сайын жұмыс істейді. Қатысушылардың айтуынша, мұндай акция ел игілігі үшін жұмыс жасау барысында салауатты өмір салтын ұстану маңызды екенін көпке ұғындыруға мүмкіндік береді.

Мейрам Жұмағұлов, ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаменті басқармасының басшысы:

- Сыртқы саясат – мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі. Себебі дипломаттардың атқарған жұмысының арқасында Қазақстанның әлеммен өзге елдерімен байланысы жолға  қойылады. Биыл отандық дипломатиялық қызметке 30 жыл толды. Шын мәнінде, спорт тек дипломат қана емес, әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұрынан бері спорттық дипломатия деген ұғымды естіп жүрміз. Яғни, екеуі қашанда үндес болып келеді. Жалпы спорт ежелден-ақ адамдарды біріктіру жолында қызмет жасайды. Ол бейбітшіліктің елшісі саналады.