Президент жанындағы комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының ұсынымдарын қарады

Президент жанындағы комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының ұсынымдарын қарады

Қазақстан Президенті жанындағы Комиссия отырысында Еуропа Кеңесі/GRECO жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының ұсынымдары қаралды. Отырыс Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын одан әрі енгізу мақсатында Ұйыммен өзара әрекеттесу қажеттігін атап өтті. Комиссия сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының іске асуын талқылады. Оның үлесін азайту үшін үш жылдық жоспардың орындалу барысына мониторинг ұйымдастыру және қабылданған шараларды жедел түзету қажеттігі айтылды.