Сайлау науқанын өткізуге 20,5 миллиард теңге қарастырылған

Сайлау науқанын өткізуге 20,5 миллиард теңге қарастырылған

Еліміздің Қаржы министрлігінде кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуге бағытталған қаражаттың қалай бөлінетінін айтып берді. Естеріңізге сала кетейік, бұл мақсаттарға барлығы 20,5 миллиард теңге қарастырылған. Оның негізгі дені шамамен 17 миллиард теңгесі сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалады.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

– Бюллетеньдерді әзірлеуге, байланыс пен көлікке біршама қаржы кетеді. Осының барлығы ескеріліп, саяси науқанды өткізуге жиырма жарым миллиард теңге қарастырылып отыр. Қаражат негізінен Орталық сайлау комиссиясына бағытталады. Қателеспесем, ақшаның бір бөлігі Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі. Жақында осыған қатысты Үкіметтің қаулысы қабылдануы керек.