Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысты

Ереванда ҰҚШҰ саммиті өтті. Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ ұжымдық күштерге мүше мемлекеттердің басшылары қатысты. Саммиттің күн тәртібіне  халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері  және сессияаралық кезеңде ҰҚШҰ қызметінің негізгі нәтижелерін талқылау мәселелері шығарылды.   Сондай-ақ тараптар   дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру және Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылады. Сессия барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы қабылданды. Ал 2023 жылы ұйымға төрағалық ету Беларусь Республикасына өтті.