Сирия келіссөзі бойынша Астана процесінің 19-кездесуі өтті

Kazakhstan Today

Сирия дағдарысын орнықты реттеу мен ілгерілетуде Астана процесінің рөлі айрықша. Елордада өткен 19-халықаралық кездесуге қатысушыларлың ортақ пікірі бұл. Келіссөздердің кезекті раундының қорытындысы бойынша Иран, Ресей  және Түркия  өкілдері бірлескен қорытынды мәлімдеме жасады. Онда тараптар бірауыздан Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығы  және БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына өзінің өзгеріссіз берілгендігін растады  және олардың жалпыға бірдей сақталуы мен құрметтелуі тиістігін атап өтті. Мәлімдемеде елдер сонымен бірге, саяси және экономикалық мәселелерде бірлесіп жәрдемдесу бойынша үшжақты үйлестіруді нығайтуға ниетті екендерін жеткізді. Келіссөздер соңында қатысушылар қазақстандық билікке Сирия бойынша 19-шы халықаралық кездесуді Астана форматында өткізгені үшін ризашылық білдірді.