2023 жыл Қазақстанға қандай саяси және әлеуметтік өзгерістер әкеледі?

Биыл ел Парламенті қабылдаған бірқатар заң 2023 жылы күшіне енеді. Олардың арасында Салық және Әлеуметтік кодекстер, сот, базалық көрсеткіштер, банкроттық сынды маңызды тақырыптар қамтылған. Еліміздің жаңа саяси мәдениеті қалыптасатын жылы тағы қандай тың өзгерістерге толы  болмақ. Тілшіміз шолу жасап көрді. 

Ел сенімін ақтап, қоғам үмітін арқалайтын халық қалаулыларын таңдау. Бұл келер жылдың басты саяси науқаны болмақ. Парламент құрамының үштен-бірі можаритарлық жүйемен сайланады. Яғни, көптің қалауымен тек мыңнан жүйрігі бұқараның үні мен сөзіне айналады. Ол үшін бәйгеден озу аздық етеді. Әлеуметің жаршысы болам деген антына адал болмағаны бұл жолдан тайып кетуі ғажап емес.  

Геннадий Шиповских, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Бір мандаттық окруктан сайланатын азаматтарға арнайы импиративтік мандат деген дүние енгізіледі. Бұл не деген сөз? Егерде сіз өз депутатыңызды сайласаңыз, алайда ол қазақта сөз бар ғой «Есегім судан өткеннен кейін басқа адамдарда шаруам жоқ» деп жүретін болса, сіз бірқатар заңнамаға сүйене отырып, өзінің нормаларына сәйкес сайлаушылармен бірлесе оны депутаттықтан қайтара аласыз.

Келер жылдан бастап бірқатар маңызды әлеуметтік реформалар биыл бекітілге заң шеңберінде жүзеге аспақ. Бұл құжаттар елдің саяси, экономика және әлеуметтік тұстарын жетілдіруді қамтиды. Сайып келгенде барлығының түпкі мақсаты ел азаматтарының әл-ауқатын арттырып, өмірін оңтайландыра түсудің қамы.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Елдің әл-ауқаты мәселесі біріншгі кезекке шығады. Ең алдымен оны жөнге келтіру үшін көптеген іс шаралар қабылданады деп ойлаймын.  Оның ішінде зейнетақы қорының ұлғайып, өсетіні және келер жылы әлеуметтік кодекс қабылданады. Оның біздің халықтың әлеуметтік жағын жөндеуге, оңдауға әсері тиеді деп сенемін.

Снежана Имашева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Әлеуметтік кодексті талқыладық. Соның төңірегінде көптеген өзгерістер болады әлеуметтік осал топтарға. Жалпы халықтың күтетіні өзінің өмірін жақсарғаны, бағалардың түсуі. Барлығы халық сұранысына байланысты болады.  Қоғам не дейді соны істейміз, қандай талап қояды соны орындаймыз.

Ел Үкіметі 2023-те Парламент депуттаттарының қарауына 20-дан астам жаңа құжатты ұсынуды көздеп отыр. Мұнда  да әлеуметтің мұң-мұқтажы басты қаперге алынбақ. Депуттардың жаңарған құрамы су кодексі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен адам саудасына қарсы заң жобаларын талқылайды.