Қ.Тоқаев Саха республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Қ.Тоқаев Саха республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Тараптар сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың болашағын қозғады. Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артты. Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі. Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді.