Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерболат Досаевтың кездесуінде белгілі болды. Алматы әкімі қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары, сондай-ақ  қала ішінде «жасыл дәліздер» жасау үшін Дүниежүзілік банкпен бірлесе әзірленіп жатқан іс-әрекет жоспары мен Алматының Индустриялық аймағында автомобиль кластерін құру жөнінде баяндады. Президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есепті де тыңдады. Оған сәйкес, биыл қаңтар айында қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы іскерлік белсенділіктің өсуі  есебінен 137 пайызға жуық артқан. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 22 пайыз шамасында ұлғайды. Экономиканың даму қарқынын сауда, көлік және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы өсім қамтамасыз етті.

Президент Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады

Сондай-ақ бүгін Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады. Мұрат Әйтеновтің айтуынша, өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549 жарым миллиард теңгеге жеткен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асты. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі. Сондай-ақ Мұрат Әйтенов мегаполисті дамыту шараларымен таныстырып, биыл қаланың жаңа бас жоспары бекітілетінін жеткізді