19 наурыз – Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

19 наурыз – Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

Олар пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша өткізіледі. Парламенттің төменгі палатасының 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында да дауыс беру аралас үлгі бойынша, ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында бір мандатты сайлау округтері бойынша өткізіледі. Ел азаматтары барлығы 10 мыңнан астам пунктте өз таңдауын жасауда. Оның 188-інде ықтиярхат арқылы уақытша тіркеуге тұрып, дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Яғни сайлау күні сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша 1 күнге тіркеуден өтеді. Сайлаушыларға дауыс беруге арналған бес түрлі бюллетень ұсынылады.  Жалпы, 12 миллионнан астам адам дауыс береді деп күтілуде. Ал сайлау барысын 41 ел мен ЕҚЫҰ, ТМД, ТМҰ және ШЫҰ сынды халықаралық ұйымдардан барлығы 793 байқаушы бақылайды.