Қазақстандағы сайлау халықаралық байқаушылар назарында

Қазақстандағы сайлау халықаралық байқаушылар назарында

Олар таң атысымен республиканың әр жерінде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын жіті қадағалауда.

Дмитрий Кобицкий, ТМД ПАА кеңесі комиссиясының бас хатшысы:

- Біздің миссия тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы елдермен қатар, Франция, Корея, Қытай, Белгия және тағы басқа  мемлекеттерде бақылау жүргізді. Бұл тәжірибеміз обективті шешім шығаруымызға септігін тигізеді. Біз тек қана елдің өзінде ғана емес, өзге шет мемлекеттерде ашылған сайлау учаскелерін де назарға аламыз.    

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар миссиясы қатарында 61 адам бар. Олардың ішкі және сыртқы учаскелерге қатысты тұжырымы саяси науқанның ұлттық заңнама мен халықаралық талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындыға негіз болады.

Вагаршак Акобян, ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі:

- Әзірге жүргізген бақылауларыма сай ұйымдастыру жағы аса жоғары деңгейде деп айта аламын.  Сайлау барысын бақылау кезінде демократияға нық қадам жалалып жатқанына куә боламыз. Біздің миссия ешбір заң бұзушылық тіркеген жоқ.  Адамдардың белсенділігі жақсы. Барлығы заң аясында өтіп жатыр.  

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясының халықаралық бақылаушылары да Қазақстандық сайлауға мониторинг жасайды.

Александр Маркевич, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі:

- Бұл біздің үшінші сайлау учаскеміз, біз дауыс беру пункттерін  аралап шықтық. Кейбірінің ашылуында болып, әнұрандарыңызды тыңдап, алғашқы сайлаушыларды көрдік. Сайлаудың ұйымдастырылуы, учаскелердегі ұйымшылдық өте жақсы әсер қалдырды. Барлығы халықаралық белгіленген нормаларға, Қазақстан Республикасының Сайлау кодексіне сәйкес жүріп жатыр. Сайлау өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айтқым келеді. Қазақстандықтардың белсенділіктерінің қаншалықты болғанын ертең қорытынды шыққанда нақты көретін боламыз.