Мемлекет басшысы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Корольдіктің Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлимен кездесуде талқылады. Еске сала кетейік, Еуропа елінің сыртқы саясат басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.

ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫБРИТАНИЯҒА ЭКСПОРТТЫ 750 МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА ҰЛҒАЙТУҒА НИЕТТІ

Қазақстан Біріккен Корольдікке экспорт көлемін 750 млн долларға арттыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы қос тарап арасындағы сауда АҚШ валютасымен есептегенде 2 млрд-қа жуықтады. Джеймс Клеверлидің сапары аясында тараптар сирек кездесетін табиғи металдарды бірлесе игеруге уағдаласты.  Бұған қоса сутекті технологиялар саласында тәжірибе алмасуға уағдаласты. Ал логистикалық салада – Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қызығушылық тудырды. Астана мен Лондон  стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы Қазақстан-Британ келісімін қабылдауға ниетті.