Сайлауға 6,5 млн-нан астам қазақстандық қатысты
Сайлаушылары ең белсенді аймақ Қызылорда облысы болды. Өңірдегі дауыс беруге құқылы тұрғындардың 67 проценттен астамы дауыс берген. Сондай-ақ ең белсенді аймақтар қатарынан Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстары табылды. Аталған аймақтардағы көрсеткіш 60 проценттен жоғары болды. Сайлаушылардың ең төменгі үлесі Алматы қаласында тіркелді.