Астанада 26-27 сәуірде ҚХА-ның XXXII сессиясы өтеді

Астанада 26-27 сәуірде ҚХА-ның XXXII сессиясы өтеді

Дәстүрлі шара мыңнан астам адамның басын қосады. Оған ел Парламентінің мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, діни бірлестіктердің басшылары, дипломаттық корпустар, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестік, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады. Сессияның алғашқы күн тәртібінде білікті сарапшылардың қатысуымен пікірталас алаңдары ұйымдастырылады. Екінші күні Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық сессия жоспарланған.