Алматыда Kazakhstan Fashion Week апталығы басталды

Табиғилық және қарапайымдылық. Бұл – Алматыда өтіп жатқан Kazakhstan Fashion Week сән апталығының басты лейтмотиві. Мұнда бір апта бойы ең үздік отандық және шетелдік дизайнерлер мен сәнгерлер тек табиғи маталардан жасалған коллекцияларын ұсынады.

Саят Досыбаев, Kazakhstan Fashion Week сән апталығының бас продюсері:

- Осы аптаның негізгі лейтмотиві, өткен пандемияға дейінгі маусымдағыдай – табиғатқа ұқыпты қарау, киімді саналы тұтыну. Пандемия гардеробыңызда көп көйлектің қажет емес екенін көрсетті, негізгі басты заттар болса болғаны. Біздің көрерменге, тұтынушыларға тек өзіне ғана емес, қоршаған ортаға да дұрыс қарым-қатынасты орнату  қажет екенін жеткізгенге дейін осындай лейтмотивті тағы бірнеше мезгіл ұстанатын боламыз.