Жыл басынан бері 9 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылдың басынан бері 8 867 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствода атап өткендей елге оралғандардың басым бөлігі көршілес Өзбекстан Республикасынан екен. Ал аспан асты елінен келген қандастарымыздың үлесі 10,4% тең. Сондай-ақ Түркменстаннан келген этникалық қазақтар саны 7% көрсеткен. Қалғаны өзге елдерден оралған қандастар.

Қоныс аударғандардың басым бөлігі негізінен еліміздің оңтүстік бөлігіне, яғни Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына тұрақтағанды ​​жөн көреді. Жалпы 1991 жылдан бастап 1,76 млн астам этникалық қазақ Қазақстанға оралған.