Таллинде «Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы өтеді

Таллинде «Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы өтеді

Эстонияда «Мұқағали» фильмінің халықаралық тұсаукесері өтеді. Отандық көркем туынды қараша айының 12-і мен 28-і аралығында өтетін «Күңгірт түндер» 25-ші Таллин кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына енді. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады. Туындыда аты аңызға айналған қазақ ақыны өмірінің соңғы жылдары баяндалады.

Айта кетейік, халықаралық фестивальдің негізгі бағдарламасында қазақстандық режиссёр Әділхан Ержановтың «Ұжымдық иммунитет» фильмі жүлде үшін таласады. Ал «Жастар фильмі» аталымында режиссёр Фархат Шәріповтің «18 килогерц» картинасы бар. 1997 жылдан бері өткізіліп келетін «А» санатындағы «Күңгірт түндер» кинофестивалінің негізгі бәйгесіне барлығы 19 фильм қатысады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов