Ғарыш туристері жерге оралды

Ғарыш туристері жерге оралды

Халықаралық ғарыш станциясынан жапон туристерін алып қайтқан «Союз МС-20» кемесі жерге аман-есен оралды. Саяхатшылар Жезқазғаннан 150 шақырымдай жерге келіп қонды. Юсаку Маэдзава мен Едзо Хирано, сондай-ақ Александр Мисуркин ағзадағы қан айналымының қозғалысын зерттеуге де қатысты. Сонымен қатар салмақсыздық жағдайында гравитациялық бадминтон турнирін де ойнап шықты. Ғарыш туристері станцияда өздерінің әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратты.