«Қазақстан халқына» қорының барлық қызметі ашық болады

«Қазақстан халқына» қорының барлық қызметі ашық болады. Бұл туралы қор жетекшісі Болат Жәмішев мәлімдеді. Басқарма төрағасы қордың қандай кірістен құрылатынын түсіндіріп, «қазақстандықтардың көлеңкелі кірісі сонда аударылады» деген қауесет әңгімені жоққа шығарды.

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы:

- Мен кейбір кірістерін жасыратын төлеушілер көлеңкелі бизнестен түскен қаражатын салулары керек деген әңгімелерді де естідім. Бұл – қате пікір. Өйткені таза еңбек етіп, маңдай термен тапқан ақша ғана адал. Сондықтан өзге жолмен келген ақшаға құрылған қормен ешбір халықаралық ұйым жұмыс істегісі келмейтіні хақ. Батыс компаниялары мұндай заңсыз қаражат есебінен қор құратын кәсіпорындармен мүлдем ынтымақтастық орнатпайды.