«Қазақстан халқына» қорына 150 млрд теңгеге дейін кіріс түседі

«Қазақстан халқына» қорына 150 млрд теңгеге дейін кіріс түседі

«Қазақстан халқына» қорына 150 млрд теңгеге дейін кіріс түседі деп күтілуде. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді. Ол қордың атаулы көмекке де, жүйелі шараларға да тәсілдер әзірлейтінін атап өтті. Бұл бағыттағы барлық міндет айқындалады. «Қазақстан халқына» ұйымының басшысы Болат Жәмішев қор жұмысының ашық болатынын және ақшаның тікелей алушыларға аударылатынын айтты. Тұрғындардың өтініштерін қазір 140 мемлекеттік ұйым бірыңғай электронды портал арқылы қабылдайды.