«100 күн – 100 сұрақ» жобасы қолға алынды

«100 күн – 100 сұрақ» жобасы қолға алынды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «100 күн – 100 сұрақ» жобасын қолға алды. Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның аясында елімізде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында қазақстандықтар өз ұсыныстарын жолдап, сұрақтарына жауап ала алады.

«Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша бүкіл күш-жігерін жұмсайды. Қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн – 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз», – деп жазды министр.