Қазақстан орбитада жұмыс істеп тұрған спутниктер саны бойынша 30-шы орында

Қазақстан орбитада жұмыс істеп тұрған спутниктер саны бойынша 30-шы орында

Қазақстан орбитада жұмыс істеп тұрған спутниктер саны бойынша 30-шы орында. Елімізде екі байланыс, екі қашықтан зондтау мен екі ғылыми-технологиялық спутнигі, яғни барлығы алты ғарыш аппараты бар. Мұндай деректерді «Dewesoft» зерттеу тобы жариялады. Бүгінде жер орбитасында белсенді спутниктер саны 4 550-ді құрайды. Орбитадағы жер серіктерінің саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Құрама штаттың 2 804 ғарыш аппараты бар. 467 спутникпен Қытай екінші орынға, үшінші орынға Ұлыбритания жайғасты. Бұл елде 349 ғарыш аппараты бар. Ал көршілес Ресей 168 спутникпен төртінші орында тұр. Әлемнің 75 елінің кем дегенде бір спутнигі орбитада орналасқан.