Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада Абайдың өлеңіне өнер көрсетті

Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада Абайдың өлеңіне өнер көрсетті

Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев биылғы Олимпиададағы қысқа бағдарламада Абай Құнанбаевтың «Айттым сәлем, Қаламқас» композициясына өнер көрсетті. Бұл орындауы үшін Денис Васильев 85 ұпай жинап, аралық 7-орынға ие болды.

Қытай Олимпиада ойындарында көш бастап тұр

Айта кетейік, бүгінде Қытай құрамасы медаль саны жағынан көш бастап тұр. Аспанасты елі спортшыларының қоржынында 3 алтын мен 2 күміс бар. Екінші орынды 3 алтынмен Швеция иеленді. Үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс және 2 қоламен Ресей түйіндеп тұр. Ал біздің еліміздің жүлде қоры әзірге бос.