Мұқтаж отбасыға тұрғын үй сертификаты табысталды

Мұқтаж отбасыға тұрғын үй сертификаты табысталды

«Хабар» агенттігі мен «Харекет» қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыға қолдау көрсетті. Игі істің бастамашылары Гүлдана Қалдыбаеваның отбасына тұрғын үй сертификатын табыстады. Тұрмыс тауқыметін тартқан ана үш баланы бір өзі тәрбиелеп отыр. Баспаналы болуды жылдар бойы армандап келген еді. Түрлі қиындыққа қарамастан ешкімнен көмек сұрамай, барлығын өзі жеткізуге тырысып баққан. Гүлданаға басты сыйлықтан бөлек, үйдің ішін жайғастыру сертификаты да берілді.

Гүлдана Қалдыбаева, жалғызбасты ана:

- Жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған айналайын, қазағым, сіздерге көп рақмет! Не айтарымды да білмей тұрмын.