Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін 3 рейс ұйымдастырылады

Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін 3 рейс ұйымдастырылады

Азаматтарымызды Украинадан елге жеткізу мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлады. Президент Украинадағы елші Дархан Кәлетаевтің азаматтарымызды елге қайтару үшін қабылданған шаралар жөнінде есебін тыңдады. Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, Украинадағы Қазақстан азаматтарын Польша арқылы елге жеткізу үшін 3 рейс ұйымдастырылады. ҚР Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері Украина мен Польшадағы елшіліктері, «Air Astana» әуе компаниясымен бірлесіп Катовице-Атырау бағытымен арнайы борттарды ұйымдастыру мәселесін пысықтаған. Репатриациялық рейстерді жүзеге асыру шығындары мемлекет есебінен өтеледі.