Украинадағы Қазақстан азаматтарының екінші легі елордаға келді

Украинадағы Қазақстан азаматтарының екінші легі елордаға келді

Украинада қалған қазақстандықтардың екінші легі елге оралды. Отандастырымыз мінген «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы Нұр-Сұлтанға қонды. Барлығы 124 адам аман-есен елге оралғандарына қуанышты.

Блиц:

- Жағдайымыз жақсы. Аман-есен жеткенімізге қуандық. Енді өз үйімізге жетіп, тыныққымыз келеді.

- Кривой Рог аумағынан 5 сағат жол жүрдік. Львовта Қазақстан Елшілігінен адамдар келіп, эвакуциялау басталды. Ол жерде жұмыс ұйымдасқан түрде жүрді. Бізді Польша және Катовице арқылы алып өтті. Соңғы кездері жаңалықтарды көре алмадым. Бірақ біз кеткен кезде шайқас қатты жүріп жатты.

Еске сала кетейік, Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легімен 175 адам кеше Алматыға келді. Отандық тасымалдаушы барлығы 3 рейс ұйымдастырады деп хабарланған болатын.