ТЖМ жедел штабы: бір тәулік ішінде 814 адам құтқарылды

ТЖМ жедел штабы: бір тәулік ішінде 814 адам құтқарылды

Қазақстанда бір тәулік ішінде 814 адам қар құрсауынан құтқарылды. ТЖМ жедел штабының мәліметінше, эвакуацияланғандардың 101-і бала, 3-і жүкті әйел. Құтқару жұмыстарына барлығы 540-қа жуық маман мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған.

Талғат Уәли, ТЖМ ресми өкілі:

- Наурыздың 29-ы күні республика бойынша электр қуатын апатты түрде сөндірудің 273, сонымен бірге 106 әкімшілік және тұрғын үйлердің шатыры ұшып кету жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта бақылау-өткізу бекеттерінде 1 434 техника, оның ішінде 946 жеңіл автокөлік, сондай-ақ 428 жүк көлігі және 6 автобус бар.

Айта кетейік, республиканың басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Павлодарда барлық бағыт бойынша жолдар жабық.