Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оған блиц бойынша әйелдер арасындағы ең жас әлем чемпионы ретінде арнайы сертификат табыс етілді. Чемпионат 2021 жылы Польшада өткен. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетін хабарлады.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – Қазақстанның шахмат тарихындағы ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы. 2019 жылы ол әйелдер арасында гроссмейстер, 2020 жылы ерлер арасында халықаралық шебер атанды.