АҚШ-та тұңғыш қазақ мектебі ашылды

АҚШ-та тұңғыш қазақ мектебі ашылды

АҚШ-тағы тұңғыш қазақ мектебі Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында ашылды. Білім ошағы жерлестер қауымдастығының қолдауымен бой көтерген. Білім мекемесіне Америка аумағында туып-өскен 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады. Олар мектеп қабырғасында ана тілін үйреніп, қазақ халқының тарихын танып, зерттейтін болады. Сонымен қатар, оқушылар домбыра тартып, салт-дәстүрлерімізді де санасына сіңіреді.