Көкпар мен аударыспақтан ересектер арасында ХХІ Қазақстан чемпионаты Таразда өтіп жатыр

Көкпар мен аударыспақтан ересектер арасында ХХІ Қазақстан чемпионаты Таразда өтіп жатыр

Көкпар мен аударыспақтан ересектер арасында ХХІ Қазақстан чемпионаты Таразда өтіп жатыр. Додаға еліміздің 17 өңірінен 300-ден астам спортшы шеберлік байқасуда. Ат жарысының басты мақсаты – ұлттық спортты кеңінен насихаттау. Күн сайын 30 сәуірге дейін 7 көкпар ойыны өтеді. Жеңімпаздар екі лигада бірінші және ең жоғары анықталады.Үздік шығып көзге түскендері қыркүйек айында өтетін халықаралық Көшпенділер бәскесінде ел намысын қорғайды.

Құрманбек Тұрғанбек, «Әулиеата» командасының шабуылшысы:

– Бірінші ойында үштікте жүрген Атырау құрамасын ойнап 7:2 есебімен жеңдік. Алда Түркістан облысы бар. Қызылорда облысы бар. Соларға қайта дайындықты жинап шығуға дайындаламыз. Бұл алда келе жатқан жарыстарға өте бір керек тәжірибе алмасу.

Нүркен Байбөриев, ҚР Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы:

–  Чемпионаттан кейін Қазақстан Республикасының құрама командасына іріктеу өтеді. Іріктеу аяқталып, ұлттық құрама жасақталғаннан кейін биылғы жылы қыркүйек айында Шымкентте жоспарланған әлем чемпионатына қатысады. Бүгінгі таңда жарысқа қатысуды Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркия елдері растап жатыр. Қыркүйек айының соңында халықаралық турнир өткізіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Түркияда көшпенділер ойындары жоспарланған, оған Еуропа мен Азияның барлық елдері де қатысады.