Нұр-Сұлтанның көрікті жерлеріне жаяу жүру маршруты әзірленді

Нұр-Сұлтанның көрікті жерлеріне жаяу жүру маршруты әзірленді

Целиноград, Ақмола, Астана және Нұр-Сұлтан. Қазіргі елорданың бұрынғы келбеті қандай еді? Бұған бас шаһардың Сарыарқа ауданын аралау арқылы куә боласыз. Себебі 192 жылдық тарихы бар мекеннің өткен тыныс-тіршілігінен сыр шертетін ғимараттардың дені осы аумақта шоғырланған. Саяхатшыларға ынғайлы болу үшін ескі қала бойынша жаяу серуендеу картасы құрылды. Онда Ақмола бекінісі сынды қала бой түзегеннен бері салынып, бүгінге дейін жеткен 40-қа тарта тарихи нысан бар. Жолсілтегіште белгіленген рухани, мәдени ескерткіштер және ескі қоғамдық орындармен 2 бағыт бойынша танысуға болады. Оның бірі бойынша көне сәулеттерді көріп шығуға жаяу 2 жарым сағат уақыт кетеді екен. Екіншісімен сапар бір сағатқа созылады.  Жеке немесе топттық арнайы экскурсиялар ұйымдастыру жағы да қарастырылған.   

Теміртас Ысқақов, жоба авторы, сәулетші- зерттеуші:

– Бірінші Президент саябағында орналасқан қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей және Жәнібек ескерткішінің маңында осы карта мен бар ақпарат  көпшілікке қолжетімді. Бұған қоса, бұл бағытарға аудиогид қосымшасы кірістірілген. Яғни, бойындағы ескерткіштерге QR-кодтар орнатылған. Кез-келген серуен құрып жүрген адам оларды сканерлеп аудиогидтің көмегімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бар ақпаратты тыңдап, оның тарихымен таныса алады.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов