Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге жәрдемақы беріледі

Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге жәрдемақы беріледі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл барлық өңірдегі соғыс ардагерлеріне кем дегенде 1 миллион теңгеден біржолғы жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға да материалдық қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіндегі Мәңгілік алауға дәстүрлі гүл қою рәсіміне және 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға қатысады. Сонымен қатар, бүкіл Қазақстан бойынша «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы өтеді.