Көкшетауда қазақ тілі жаңа әдіспен үйретіледі

Көкшетауда қазақ тілі жаңа әдіспен  үйретіледі

Көкшетауда қазақ тілі инновациялық әдіспен үйретіле бастады. Енді кез келген адам қаладағы «Тілдесейік, достар!» клубына келіп қазақ тілін меңгере алады. Мұнда мемлекеттік тіл мұғалімдердің көмегімен емес, бейресми ортада негізінен тыңдау, ауызекі сөйлесуді дамыту арқылы оқытылады. Клуб тыңдармандары бір-бірімен әртүрлі тақырыптарда әңгімелесіп, қысқаша әңгімелер жүргізеді. Тіл үйірмесіне жастардан бастап зейнеткерлерге дейін әртүрлі жастағы студенттер келе алатынын айта кеткен жөн.

Мадина Көкенова, клуб тәлімгері:

– Бір ерекшелігі – тілді граматикасыз тек қана қарым-қатынас арқылы үйрену. Әртүрлі бейнебаяндар көрсету арқылы, әртүрлі жағдай тапсырмалар, диалог құрастыру арқылы  бұл тілді үйренеді тыңдаушылар. Және де  ең басты ол әрине тыңдаушылардың + ниеті, ынтасы  деп ойлаймын.

Айта кетерлігі, тыңдаушылар тіл үйренумен бірге қазақтың ежелгі салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен танысып, шағын диалогтар құрастырып, тілдік жаттығуларды орындайды.

Қаратай Түлекеев, облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры: – Енді 20 оқыту орталығы бар. Олар кәдімгі жоспарлы түрлі 21-25 тілдерді дамыту және қолдану бағдарламасы негізінде құрылды ғой. Оларға негізі жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Ал міне қлубтарымыз  – бұл енді мұғалімдердің қосымша жұмыстары. Олар ақша ештеңе алмайды. Бос уақыттарын пайдаланады.