Қазақстан биыл шет мемлекеттерге 9,5 миллион долларға жуық гуманитарлық көмек жіберді

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан шет мемлекеттерге  9,5 миллион долларға жуық гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстан атынан ұсынылған гуманитарлық көмектің ең көп көлемі, яғни 5,7 млн долларға көмек, Ауғанстанға жөнелтілді. Сонымен қатар, еліміз Украина, Тәжікстан, Польша, Венгрияға дәрі-дәрмек, азық-түлік және түрлі құрал-жабдықтар түрінде тегін қолдау көрсетті. Айта кету керек, Қазақстанға да тегін қолдау  көрсетіледі. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында еліміз  2,2 миллион доллар сомаға көмек алды. Гуманитарлық көмектің басым бөлігі Италия, Қытай және Германиядан жеткізілді.